×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Неміс зерттеушілері электрондық шылым сатылымын шектеуді талап етті

05.11.2024, 17:55
Неміс зерттеушілері электрондық шылым сатылымын шектеуді талап етті
BILD

Германияда электронды темекіге ауысқан адамдар саны артып келеді. Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Дюссельдорф университеті клиникасы 14 пен 99 жас аралығындағы 92 327 адам арасында жүргізілген зерттеу нәтижелері осындай қорытындыға келді. Хайдельбергтегі (Баден-Вюртемберг) Неміс қатерлі ісік зерттеу орталығы электронды темекілерді шектеуге шақыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮЛЕС

BILD басылымының дерегінше, 2016 жылы Германияда электронды темекі пайдаланушылар үлесі 1,6%-ды құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2%-ға жеткен. Кәдімгі темекі шегушілердің үлесі әлі де жоғары деңгейде –шамамен 30%.

Жасөспірімдер арасында бір реттік электронды шылымдар ең танымал модельге айналды, әсіресе қыздар арасында. Олар көбіне электронды темекілерді кәдімгі темекімен бірге қолданады.

АЛАҢДАУШЫЛЫҚ

“Бұл үрдісті алаңдаушылықпен бақылап отырмыз, өйткені әртүрлі хош иістер мен жарқын дизайндары арқылы бір реттік электронды темекілер жастар арасында ерекше танымал болып отыр” деп атап өтті Дюссельдорф университеті клиникасының Жалпы медицина институтының зерттеушісі Стефани Клостерхальфен.

Зерттеу жетекшісі Даниэль Котц та алаңдаушылық білдіруде.

“Жастар электронды темекілер мен кәдімгі темекіні тұтыну арқылы никотинге тәуелділікке және денсаулыққа төнетін қатерге әсіресе бейім келеді” дейді ол.

ШЕКТЕУ МЕН ТЫЙЫМ

Котцтың айтуынша, никотин және темекі өнімдерін бақылау шараларын күшейту қажет. Балалар мен жасөспірімдерді қорғау мақсатында бұл өнімдерге салықты көтеріп, олардың қолжетімділігі мен көрінуін шектеу керек.

Қатерлі ісік зерттеу орталығының өкілі Уте Монс болса, бір реттік электронды темекіге толықтай тыйым салуға шақыруда.