×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Ұлытауда Ұлттық саябақ пайда болды

08.12.2021, 14:41
Ұлытауда Ұлттық саябақ пайда болды
Фото: экология министрінің парақшасынан

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР экология министрі Cерікқали Брекешев өзінің твиттер-парақшасында жазды.

«ҚР Үкіметінің 2021 жылғы № 867 қаулысына сәйкес, «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Бұл еліміздегі 14-ші ұлттық парк. Еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады», – деп атап өткен ол қарамағындағы министрлік табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра беретініне сендірді.

Саябақ Қарағанды өңірінде орналасып, аумағы 58,9 мың гектарды құрамақ. 

Сонымен қатар, келесі жылы, «Мерке» аймақтық табиғи саябағы құрылмақ.

Серіктес жаңалықтары