×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сарсаңға салған Саран. Жылу қазандығы неге істемей қалды – әкім жауап берді

06.11.2024, 12:48
Сарсаңға салған Саран. Жылу қазандығы неге істемей қалды – әкім жауап берді
ашық дереккөз

Саранда орталық жылу қазандығын салу аяқталғанымен іске қосу жұмыстары кезінде ақау анықталып, уақытша жергілікті жылу қазандықтары қосылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Саранда біз Орталық жылу қазандығын салу жұмысын аяқтадық. Алайда, өздеріңіз білетіндей, іске қосу жұмыстары кезінде жылу беру жүйесінен ақау шығып, қосымша ресурстар іске қосылды. Қазір үйлерге жылу Орталық жылу қазандығынан да, сонымен қатар резервтік жеке қазандықтардан да берілуде. Жаңа жылу беру орталығында бірінші және екінші қазандықтар жұмыс істеп тұр, ал үшінші және төртінші қазандықтар бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, өңір басшысы Орталық жылу қазандығы толық қуатында іске қосылғанда қаланың тұрғын үйлер алаптарын ғана емес, Saran индустриалдық аймағын да, РТӨ (резинатехникалық өнімдер) шағынауданын да жылумен қамтитынын атап өтті.

Қалада 12 жылдан астам уақыт бойы салынып жатқан жаңа қазандық іске қосылған сәтте-ақ қаланың жартысы жылусыз қалған. Тұрғындар бірінен кейін бірі әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, күн суытса да жылусыз отырғандарын ашына айтқан. Оған байланысты жылу маусымындағы олқылықтар үшін президент облыс басшысына сөгіс жариялады.