×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қағазда бәрі дұрыс болған: Бөлекбаев Сарандағы төтенше жағдай туралы

06.11.2024, 13:49
Қағазда бәрі дұрыс болған: Бөлекбаев Сарандағы төтенше жағдай туралы
Коллаж Ulysmedia.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Саран қаласындағы жылу беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СКК-де өткен брифингте Ulysmedia тілшісі әкімнен үкіметте жаз мезгілінен бастап жылыту маусымына дайындық туралы айтылып келе жатқанын атап өтіп, қалада мұндай төтенше жағдай қалай болғанын үсіндіруін сұрады.

ҚАҒАЗДА БӘРІ ЖАҚСЫ

Әкімнің айтуынша, бұған дейін Сарандағы қазандықты "суық режимде" тексеру мүмкін болмаған.

«Мен сіздерге техникалық тілмен түсіндіріп көрейін. Қазандық салынған, ол тұр. Құрылыс аяқталған кезде суық режимде тексеру жүргізіледі. Бұл кезде қазандық жанбайды, суық режимде тексеріледі.

Тексеру кезінде бәрі дұрыс болып көрінді. Одан кейін оны іске қосады. Жазда қосу қажет емес, өйткені жазда жылу қажет емес. Сондықтан оны қазан айында іске қосты», – деді әкім.

Сондай-ақ ол Сарандағы қазандықта сорғыға байланысты мәселе туғанын, ал жергілікті әкім ЖЭС бақылауда деп есеп бергенін жеткізді.

«Мен қазір ғана мәселе сорғылық жабдыққа қатысты болғанын айттым. Мәселе қазандықтарда емес, сорғыларда болды. Біз мәселені анықтағанша, ақау болып үлгерді. Сол себепті жергілікті қазандықтарға ауыстырдық. Қазір бізде жергілікті және орталық қазандықтар жұмыс істеп тұр.

Қаланың бұрынғы әкімі осы жағдай үшін тікелей жауапты. Жиындарда және кеңестерде бәрі дұрыс, барлығы жұмыс істеп тұр деп үнемі есеп берілген болатын», – деді Бөлекбаев.

Бұған дейін президент Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевке  жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін сөгіс жариялаған. Ал қаланы дер кезінде қаланы жылумен қамти алмағаны үшін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен қуылған.

ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛА

Қалада 12 жылдан астам уақыт бойы салынып жатқан жаңа қазандық іске қосылған сәтте-ақ қаланың жартысы жылусыз қалған. Тұрғындар бірінен кейін бірі әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, күн суытса да жылусыз отырғандарын ашына айтқан.