×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Итше, мысықша өмір кешетін ойын балаларға төніп тұрған қатер – депутат Мұқаев

06.11.2024, 15:35
Итше, мысықша өмір кешетін ойын балаларға төніп тұрған қатер – депутат Мұқаев
Коллаж Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлемде біртіндеп белең алып келе жатқан квадробер субмәдениеті балалардың психологиясына зардабын тигізетінін, осының салдарынан бала адам болудан қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ТӨНІП ТҰРҒАН ҚАТЕР”

“Квадроберлер дегеніміз кім? Қарапайым тілде айтсам, олар адам болудан бас тартып, күнделікті өмірде өздерін жануарларға теңеп, төрт аяқтап жүріп, жануар кейпіндегі бетпердемен жүреді. Итше, мысықша өмір кешіп, соларды дыбыстайды. Бұл еліміздегі балалар мен жасөспірімдерге төніп тұрған қатер. Мәшһүрше айтқанда “Атайын десең – аң емес, сояйын десең – мал еместің”  дәл өзі” дейді депутат.

“ШЕКТЕН ШЫҒЫП БАРАДЫ”

Депутат бұл нәрсеге әуестену бір қарағанда балалық қылық деп көрінгенімен, балалардың психологиясы мен әлеуметтік дамуына кері әсері тигізіп, шектен шығып бара жатыр деп санайды.

“Батыс елдерінде балалар сабақта сөйлеуден бас тартып, жануарша дыбыстауды шығарған. Бұл субмәдениет өкілдеріне арнап арнайы кештер ұйымдастырылатын болған. Сонымен қатар, квадробер болуға қажетті заттарды сату жаңа бизнес көзіне айналып, интернетте жоғары бағада сатылуда. Ең қорқыныштысы балалар бұл ойыннан психологиялық зардап шегіп, адам болудан қалады. Адамдық проблемалардан қашып, жануар болуға әуестенеді” дейді ол.

ҚАУІП

Дәулет Мұқаев мәселеленің алдын алмаса, бір ұрпақтан айрылу қаупі төнетінін жеткізді.

“Мұндай әлеуметтік трендтер жылдам етек алуына байланысты, шұғыл әрекеттерді талап етеді.  Балаларымыздың болашағы мемлекет пен қоғамның жіті бақылауында болуы керек. Біздің елде де құзырды органдар, бұл мәселені жан-жақты зерттеп, алдын-алу шаралары бойынша кешенді шаралар қабылдауы тиіс” деді ол.

Ұлыс тілшілері депутат даурыға көтеріп отырған мәселені аз-кем зерттеп көрген.

КВАДРОБИКА ШЫНЫМЕН ҚАУІПТІ МЕ?

Квадробиканың балалардың психикасына теріс немесе оң әсері туралы толыққанды зерттеулер әлі жоқ. Балалар психологы Александра Бугаеваның айтуынша, квадробика ойын әрекеті арқылы тұлғаның дамуына ықпал етеді. Маманның пікірінше, кәсіби айналыспайынша бұл үрдіс ойын ретінде қала бермек.

«Баланың психикасы оның ересею жолындағы мәселелерін шешуі керек, сондықтан квадробика оған бұл жерде жақсы көмектеседі. Егер баланы квадробикадан басқа ештеңе қызықтырмай жатса алаңдауға толық негіз бар, – дейді Бугаева.