×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мақпал Жүнісованы домбырамен ұшаққа тағы да кіргізбей қойған (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісованы домбырамен ұшаққа тағы да кіргізбей қойған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

FlyArystan әуе компаниясы әнші Мақпал Жүнісованы домбырасымен бірге ұшаққа кіргізбей қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

59 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕГЕН

Өнер иесі Instagram-парақшасында домбыраға арналған қосымша орынның бағасы 59 мың теңге болғанын айтып, шағымданған.

Домбыра деп көрсетпесе де, оны 59 мың теңгеге әрең өткіздік. Мен осымен осындай жағдайға үшінші рет тап болып отырмын, – деді Мақпал Жүнісова.

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ УӘЖІ ҚАНДАЙ

FlyArystan әншінің шағымына жауап беріп, музыкалық аспаптарды тасымалдау бойынша ережелер бар екенін түсіндірді. Ережеге сай, аспапты салонға алып өтуге тек қол жүгі ретінде рұқсат беріледі, егер оның салмағы 5 кг аспаса және көлемі 56x23x36 см-ден үлкен болмаса. Басқа жағдайда қосымша орын үшін ақы төлеу қажет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әуе компаниялары домбырадан неге үркеді

Біз барлық өнер иелерінің еңбегін жоғары бағалаймыз және халқымыз үшін қасиетті домбыраның құндылығын түсінеміз. Дегенмен, барлық жолаушыларға тең қарым-қатынас көрсету және ортақ ережелерді сақтау – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі, – делінген FlyArystan хабарламасында.

Еске сала кетсек, Халық әртісі Мақпал Жүнісова бұған дейін де Қостанай мен Қарағандыдағы концертіне ұшар кезде домбырасын қолжүгі ретінде алып кіруге рұқсат ала алмағанын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.