×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: astanatv.kz

Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Көкшетау-Атбасар" автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Еске салсақ, Астанада ауа райының нашарлауынан рейстер кешігіп жатқанын жазған едік.