×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Дереккөз Трамптың Украина бойынша жоспарын жариялады

07.11.2024, 18:21
Дереккөз Трамптың Украина бойынша жоспарын жариялады
AP Photo / Evan Vucci

Дональд Трамптың Украина бойынша бейбіт жоспары жоқ, бірақ оның командасы белгілі бір нұсқаны қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ҚАҚТЫҒЫСТЫ ТОҚТАТУ

Wall Street Journal Трамп “Трамп қарастырып отырған нұсқа – қақтығысты тоқтатып, шекараларды қазіргі фронт сызығы бойынша бекіту, ұзындығы шамамен 1300 километрлік демилитаризацияланған аймақ құру” деп жазды оның командасындағы дереккөзге сілтеп.

НАТОНЫ УАҚЫТША ҰМЫТУ

Бұл нұсқа бойынша, Украина НАТО-ға кіруді 20 жылға кейінге шегеруі керек, бірақ бұл мерзімде Ресей агрессиясы жалғасқан жағдайда, ол қару-жарақ жеткізілімдерін алуды жалғастырады. Демилитаризацияланған аймақтағы қауіпсіздікті кім қамтамасыз ететіні әлі анықталмаған.

УКРАИНАЛЫҚ ӘСКЕРДІ ДАЙЫНДАУ

WSJ-дің ақпарат көзі АҚШ Украина мамандарын даярлауды жалғастыруға дайын екенін, бірақ «Украинада бейбітшілік орнату үшін америкалық әскерилерді жібермейтінін және ол үшін төлем жасамайтынын» айтады. Оның орнына аймаққа поляк, неміс, британ және француз әскерилерінен тұратын еуропалық контингент жіберу көзделген.

WSJ демилитаризацияланған аймақ құру туралы қыркүйек айындағы сұхбатында жаңадан сайланған вице-президент Джей Ди Вэнс те айтқанын еске салды.

СОҢҒЫ ШЕШІМ

Газет дереккөздері атап өткендей, бұл әлі түпкілікті шешім емес, соңғы шешімді Трамптың өзі жасайды.

Басылым бұған дейін Трамп командасының жоспары басқаша болғанын жазады. Ол Киев Мәскеумен бейбіт келіссөздерге келіскенге дейін Украинаға көмекті тоқтатуды ойлаған. Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетсе, қаңтардағы инаугурациясына дейін бір тәулік ішінде соғысты аяқтайтынын уәде еткенде, осыны меңзеген болуы мүмкін.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне қарамастан, территориямызды Ресейге бермейміз деп мәлімдеген