Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 қараша күні Павлодар қаласы бойынша мектептерде сабақ қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Онлайн оқуға 0-11 сыныптардың оқушылары, колледжердің 1-2 курс студенттері ауыстырылады.
Павлодар облысы аумағындағы дамылсыз соғып тұрған желге байланысты бүгін облыстың барлық мектептерінде сабақ қашықтан оқытуға ауыстырылған еді.
БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Бүгін кешкілік Павлодар қалалық білім беру бөлімі оқушылар ертең де үйлерінде онлайн оқитынын мәлімдеді.
«2024 жылғы 8 қараша күні Павлодар қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – деп хабарлады білім бөлімінен.
СИНОПТИКТЕР ЕСКЕРТУІ
Еске салсақ, "Қазгидромет" синоптиктері ертең, 8 қарашада Қазақстанның 19 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.