×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астанада ұйытқыған желдің екпінінен сәкі «көшіп кетті» (ВИДЕО)

Астанада ұйытқыған желдің екпінінен сәкі «көшіп кетті» (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде астаналықтар алай-дүлей соққан екпінді жел мен боран түсірілген видеоларды жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, қаланың сол жағалауында орналасқан «Северное сияние» ТҮК маңында болған мына оқиға ешкімді бейжай қалдырмағанға ұқсайды. Видеодан сәкінің (беседка) қатты жел екпінінен аспанға көтеріліп, басқа жерге «қонғанын» көруге болады.

Жылда күз-қыс айларында осындай оқыс оқиғаларға тап болатын елордалықтарға синоптиктер тағы да ескерту жасап отыр.

7 қарашада Астанада қар жауып, боран басталып, көктайғақ пайда болды. Синоптиктер оңтүстік-батыс желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с жетеді деп хабарлады. Сондай-ақ елордада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.