×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Зеленский: Ресейге бағыну – өзіңді-өзің жойғанмен тең

08.11.2024, 08:44
Зеленский: Ресейге бағыну – өзіңді-өзің жойғанмен тең
Ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский 7 қарашада Венгрия астанасы Будапештте өткен кездесуде еуропалық көшбасшыларға Ресейге бағыну Еуропа үшін «өзін-өзі жоюмен» тең болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттықтың жазуынша, ЕО-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті қарсаңында ұйымдастырылған Еуропалық саяси қоғамдастықтың отырысында сөйлеген сөзінде Украина президенті үшінші жыл Ресей агрессиясынан арыла алмай отырған еліне көмекті арттыруға шақырды.

Путинге бағыну, шегіну, белгілі бір шарттармен келісу қажеттігі туралы көп айтылды. Бұл Украина үшін қолайсыз және бүкіл Еуропа үшін өзін-өзі жоюмен тең, – деді Зеленский.

Сонымен бірге ол Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен АҚШ пен Еуропа қазіргі уақытта бір-бірінің болашағы үшін мықты болуы керектігі туралы сөйлескенін айтты.

Венгрия 29 елді біріктіретін Еуропалық Одаққа төрағалық ететіндіктен, Будапешт биылғы жылы барлық шараларды ұйымдастыруда.

7 қарашада Украинаға Ресей шабуыл жасағаны, астанасы Киев пен Қара теңіз жағалауындағы Одесса порттық қаласы әуеден соққыланғаны хабарланған.

Бұған дейін Wall Street Journal дерекөзіне сүйеніп Трамптың соғысты тоқтату туралы жоспарына қақтығысты доғарып, шекараларды қазіргі фронт сызығы бойынша бекіту, ұзындығы шамамен 1300 километрлік демилитаризацияланған аймақ құру, Украинаға НАТО-ға кіруді 20 жылға кейінге шегеру кіретінін жазған.

Алайда бұдан біраз бұрын Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне қарамастан, территориямызды Ресейге бермейміз деп мәлімдеген.