×
492.22
529.38
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.22
529.38
5.03

ІІМ ескерту жасады

08.11.2024, 11:59
ІІМ ескерту жасады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ішкі істер министрлігі жүргіншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді. Тайғақ, мұзды жерлер апатқа әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ ауа-райының бұзылуы көлік құралына да әсерін тигізетінін ескеру қажет. Көліктің техникалық жағдайын, тежеу жүйесінің жұмысын қараңыз. Терезе тазалағыш щеткалар, сондай-ақ сұйықтықтың деңгейін тексеріңіз! Қысқы доңғалақтарды қолданыңыз! Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және дөңгелектерге жолда сырғанауға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Техникалық регламентке сәйкес қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады! – делінген үндеуде.

Сонымен қатар жол қозғалысы кезінде қашықтық сақтау маңызды.

Қашықтықты сақтаңыз! Әсіресе қыс мезгілінде алда келе жатқан көлік құралына дейінгі үлкен ара қашықтықты ұстаныңыз. Тайғақ жолда тежеу жолы бірнеше есеге артады, сондықтан тежегішті баяу басқаныңыз дұрыс. Жол жүрісіне қатысушылардың барлығына мұқият болыңыз! Жаяу жүргіншілерге де назар аударыңыз. Есіңізде болсын, кішігірім қателіктің арты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін – делінген ІІМ үндеуінде.

ІІМ жүргізушілерге ауа-райының қолайсыздығын ескере отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды сұрады.

Жылдам жүрістің кесірінен көлік басқару кезінде бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Жүрер жолыңызды алдын ала жоспарлаңыз! Ауа-райы болжамын бақылап, қала маңындағы жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалаңыз. Егер жолдар жабық болса, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеңіз. Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жол ережелерін сақтау – сіздің жауапкершілігіңіз. Өзіңіздің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамаңыз. Жолдағы қауіпсіздік шараларын және жол жүрісі қағидаларын сақтау өзіңізден басталады. Үйде жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.