×
$
447.85
513.46
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.85
513.46
5.31

Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Бүгін, 15:08
Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ақорда

Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Кейін жаңа орган мүшелері жасырын дауыс беру арқылы оны қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шешім алғашқы сессияда қабылданды

Бүгін Халық кеңесінің алғашқы сессиясы өтті. Президент Ерлан Қошановты төрағалыққа ұсына отырып, оның мемлекеттік қызметте және Парламентте көп жылдық тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Одан кейін алғашқы сессияға қатысушылар жасырын дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Мансабы

2026 жылдың жазында Мәжіліс таратылғаннан кейін Ерлан Қошановтың қандай қызмет атқаратыны белгісіз болып келген еді. Бір палаталы жаңа парламент – Құрылтай өз жұмысын бастап кеткенімен, оның басшылығына бұрынғы Мәжіліс спикері кірген жоқ.

Ерлан Қошанов Мәжілісті 2022 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Бұл қызметке ол Қаңтар оқиғаларынан көп ұзамай тағайындалған.

Бұған дейін ол екі жылдан астам уақыт Президент Әкімшілігін басқарған. Сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі, премьер-министр кеңсесінің басшысы, көлік және коммуникациялар вице-министрі және Азаматтық авиация комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2022 жылы ол Amanat партиясын басқарды. Айта кетейік, қазір бұл партия «Әділеттің» құрамына өтті.

Оның алдында Тоқаев Халық кеңесінің құрамын бекітті. Кеңеске 126 адам кірді.