×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

35 градусқа дейін аяз болады

09.12.2021, 08:01
35 градусқа дейін аяз болады
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Астанада 9 желтоқсан ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту сипатына көшеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Нұр-Cұлтан қаласының білім басқармасы мәлімдеді.

Елордада ауа райы түнде -28...-30°С, күндіз -15...-17°С аяз болып тұр.

«09 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады. Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келеді. 11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін болады деп  болжанады», – делінген ауа райын болжаушы «Қазгидромет» мекемесінің ескертуінде.