Павлодар облысындағы ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі және дүкендегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін түнде кезекшінің пультіне Павлодар облысы Ертіс ауылында дүкен жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дереу бір қабатты дүкендегі қызыл жалынды сөндіруге кірісті.
“Отты ауыздықтау жұмыстарына екпінді жел мен боран күрделендірді. Сағат 07:22-де жалпы 470 ш. м. ауданды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, делінген ведомство ақпаратында.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.