×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Бишімбаев қашты” деп ақпарат таратқандардың үстінен іс қозғалды

11.11.2024, 02:06
“Бишімбаев қашты” деп ақпарат таратқандардың үстінен іс қозғалды
Ulysmedia коллажы

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы қауесеттерге ресми түрде түсініктеме беріп, таратылған ақпарат қате екенін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

11 қарашада ҚАЖК баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқанын, ал оның қашқаны туралы кез келген мәліметтер жалған екенін хабарлады.

Бұл қауесетке сотталған экс-министрдің нақты орналасқан жерін табуға тырысқан YouTube арналарының бірінде жарияланған сюжеті себеп болған. Соның сюжетте Бишімбаев болуы тиіс колонияда ол жоқ деп айтылған, бұл әлеуметтік желілерде жалған ақпарат толқынын туғызған.

ҚАЖК азаматтарды жалған ақпарат таратудан сақтандырып, ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды. Ведомство сотталушының қашып кеткені туралы жалған қауесеттердің негізі жоқ екенін және таратушыларға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Кінәлілер жауапқа тартылады", – деп қосты баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 миллион теңге жымқырды деген күдікпен Астана тұрғынына қатысты істің тергеліп жатқаны белгілі болды.