×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот аккредиттеудің жаңа ережелеріне қарсы журналистердің талабын орындаудан бас тартты

11.11.2024, 16:35
Сот аккредиттеудің жаңа ережелеріне қарсы журналистердің талабын орындаудан бас тартты
Литер

Астанада тоғыз журналистің Мәдениет және ақпарат министрлігінің журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерін заңға қайшы әрі жарамсыз деп тану талабын орындаудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТТА НЕ ҚАРАЛДЫ

Астананың ауданаралық соты тоғыз журналистің Ақпарат министрлігіне берген талабын қанағаттандырмады. Сот жаңа "аккредиттеудің үлгілік ережелерінің" журналистер қарсы шыққан кейбір тармағы заң бұзбайды деп таныды.

Журналистер аккредитация алған журналист ақпаратты тек аккредиттелген БАҚ-та жариялай алады деген талапты заңсыз деп санайды. Осы тармақты бұзған тілші алты айға дейін аккредиттеуден айырылуы мүмкін. Талапкерлер бұл талап ақпаратты еркін тарату құқығын шектейтініне сенімді.

Мәдениет министрлігінің өкілі жаңа ережелер "журналистердің құқықтарын бұзбайды, баспасөз бостандығын шектемейді және цензураға әкелмейді" деп сендірді. 

Журналистер бұл құжат бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттеудің тағы бір әрекеті емес, сөзге көнбейтін журналистерді қолайсыз сұрақтар қою мүмкіндігінен айыру үшін ережелерді қатайту деп санаған.

Журналистер бұл ережелер Конституцияны бұзады деп есептейді.

– Сот қорытындылары аккредиттеу қағидалары сөз бостандығына конституциялық құқықты шектемейді, тек аккредиттелген журналистердің ақпарат алу және тарату тәртібін реттейді. Бұл «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның (?) 28-бабына сәйкес министрліктің тиісті құзыретімен бекітілген. Осылайша, аталған бапта уәкілетті орган журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекітетіні анықталды. Сонымен қатар, аккредиттеу рәсімі барлық БАҚ журналистеріне тең шарттарда ақпарат беруге бағытталған. Қағидалар ақпаратты басқа жолмен таратуға тыйым салмайды, мысалы, әлеуметтік желілерде, – делінген сот шешімінде.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

СОТҚА АРЫЗ

Бұған дейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қазақстандық тоғыз журналистің мәдениет және ақпарат министрлігінің «Журналистерді аккредитациялаудың үлгілік ережесін» бекіту туралы жаңа бұйрығының ережелеріне қарсы шағымданған ұжымдық талап арызын қабылдаған болатын. Талапкерлер бұл нормативтік құқықтық акт сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы конституциялық құқығымызды өрескел бұзады деп есептейді. Басты мәселе – аккредиттелген журналистің мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты журналисті аккредиттегеннен басқа кез келген БАҚ арқылы таратуына тыйым салатын тармақ болып отыр. Бұл шарт екі рет бұзылса, журналист алты айға дейін аккредитациясынан айырылуы мүмкін. Талапкерлердің пікірінше, бұл талап Қазақстан Республикасы Конституциясының 20, 39-баптарына және ҚР «Масс-медиа туралы» Заңына қайшы келеді, олардың ақпаратты еркін алу мен таратуға конституциялық құқығын шектейді.