×
$
447.85
513.46
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.85
513.46
5.31

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты жаңа мүшесін тағайындады

Бүгін, 10:35
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты жаңа мүшесін тағайындады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) алты жаңа мүшесін тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кімдер тағайындалды?

ОСК құрамына Азамат Айманакумов, Михаил Бортник, Мұхтар Ерман, Әсел Жанәбілова, Ләззат Сүйіндік және Шавхат Өтемісов кірді. Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойды.

Контекст

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Әбдіровті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне қайта тағайындағаны хабарланған еді. 65 жастағы заңгер ОСК-ны 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол қатарынан үш шақырылымда Мәжіліс депутаты болып, кейін Сенес төрағасының орынбасары қызметін атқарған.