Қостанай облысында 5 қарашада із-түзсіз жоғалған ауыл тұрғыны табылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ер адам Қарабалық ауданы Славенка ауылына мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жұмыс беруші шопанның жоғалып кеткені туралы 5 қарашада хабарлаған. Іздеу операциясына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шекарашылар, еріктілер, мүдделі азаматтар, кинологтар, сондай-ақ іздестіру иттері мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған.
Жергілікті билік өкілдері азаматтарға күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертті.