×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда балаларды емханаға тіркеу мерзімі мен ережесі өзгереді

Қазақстанда балаларды емханаға тіркеу мерзімі мен ережесі өзгереді
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға жеке тұлғаларды бекіту ережесіне өзгерістер енгізілетін бұйрықты даярлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР

Бұйрық жобасы білім беру мекемесінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің орны бойынша заңды өкілдерінің ресми өтініші арқылы ЭҮП-да 18 жасқа толмаған қала сыртындағы студенттерді/медреседегі оқушыларды және әскерге шақырылушыларды қағаз нысанда тіркеуді көздейді.

“Сондай-ақ медреседе оқитындар, 18 жасқа толған студенттер білім беру мекемесінің әкімшілік-аумақтық бірлігі орны немесе нақты тұратын жері бойынша қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК) ұйымдарына дербес тіркеледі. Тіркеуді ата-аналар мен қамқоршылар нақты тұратын жері бойынша азаматтық кодекске сәйкес жүзеге асырады” делінген хабарламада.

НАУҚАН ҚАШАН БОЛДЫ

Бес жасқа дейінгі балаларды МСАК ұйымдарына тіркеу ата-аналар мен қамқоршылар нақты тұратын жері бойынша босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін 3 күннен кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс.

Алты жастан 18 жасқа дейінгі балаларды немесе қамқорлықтағы азаматтарды тіркеу олардың заңды өкілдерінің тіркелген жері бойынша немесе заңды өкілінің өтініші/рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, сатып алу рәсімдерін оңтайландыру үшін тіркеу науқанын өткізу мерзімін өзгерту жоспарлануда – 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін.

Осы уақытқа дейін науқан 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтті.

Құжат 25 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.