Дрондар биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шыңғыс Әріновтің айтуынша, өртке қарсы екі дрон материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту шеңберінде алғаш рет сатып алынғалы отыр.
– Біріншіден, бұл пилоттық жоба. Қытайдың дроны. Қазақстандағы фирма өндіреді. 120 млн теңге (біреуі). Оның қандай ерекшелігі бар? 150 метрге дейін көтеріліп өртті сөндіре алады. Өрт сөндіру көлігіне жалғанып, сол жақтан қанша уақыт қажет болса да өрт сөндіреді. Біз үшін бірінші тәжірибе, – дейді Әрінов.
Әрінов өрт сөндіретін дрондарды әлемдік тәжірибе деп атайды.