KASE-де доллар курсы 494,95 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесіне сай, 12 қараша күнгі доллар бағамы 494,95 теңгеге жеткен.
Доллар бір тәулікте 1,68 теңгеге, бір айда 10,43 теңгеге қымбаттаған.
Айырбас пунктерінде бағам мөлшері төмендегідей:
доллар: сатып алу – 494,5-495,5 теңге, сату – 496-497 теңге;
еуро: сатып алу – 526-527 теңге, сату – 529-530 теңге;
рубль: сатып алу – 5-5,03 теңге, сату – 5,04-5,08 теңге.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қаржы нарығына қатысушылар арасында сауалнама жүргізіп, сарапшылар бір доллардың құны 507 теңгеге жетуі мүмкін деп болжағаны хабарланған.
Теңгенің әлсіреу себептері – нақты пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі, мұнай бағасының арзандауы, импорттың өсуі және сыртқы қарыз бойынша ірі төлемдер болуы мүмкін. 2025 жылы Қазақстанға қаржы министрлігінің 2,5 млрд долларға еурооблигацияларын өтеу міндеті тұр.