Астанада аялдамада екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Higer маркалы автобустың жүргізушісі Тұран даңғылы арқылы Сығанақ көшесі бойымен келе жатып жолдағы көктайғақты ескермегені салдарынан аялдамада тұрған басқа автобусқа келіп соғылған.
ПОЛИЦИЯ ХАБАРЛАМАСЫ
Апат салдарынан екі жолаушы дене жарақатын алды, оның біреуі кәмелетке толмаған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Полиция департаменті.
Бұған дейін елордаға алғашқы қар жууына байланысты бір тәулікте 100-ден аса жол апаты болған.