×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Уақыт белдеуі ауысқалы энергия тұтыну кешке артқанымен, таңертең төмендеп отырды – министрлік

13.11.2024, 08:39
Уақыт белдеуі ауысқалы энергия тұтыну кешке артқанымен, таңертең төмендеп отырды – министрлік
Коллаж Ulysmedia.kz

Бір жылда электр энергиясын тұтыну 4%-ға өскен. Энергетика министрлігі мұны уақыт белдеуінің ауысыуымен еш байланыстармайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Министрлік электр энергиясына ең жоғары жүктеме таңертеңгі және кешкі сағаттарда, тұрмыстық тұтыну деңгейі жанданған кезде болатынын атап өтті.

“Бұған дейін жүргізілген уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады. Ең жоғары жүктемелер сол деңгейде қалды, жалғыз өзгеріс кешкі ең жоғары тұтынудың ертерек басталуы болды. Дегенмен, бұл өсім таңертең тұтынудың төмендеуімен өтелді” дейді министрліктер

2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі мәліметтерді талдау электр энергиясын тұтынудың 4%-ға тұрақты өсуін көрсеткен.

“Бұл өсім уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты емес, халықтың және жалпы ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне байланысты. Мысалы, әкімшілік уақыт бір сағатқа артқа жылжытылмаған ЕЭС Батыс аймағында тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсті” делінген хабарламада.

Министрлік электр энергиясының бірыңғай сатып алушы механизмі енгізілгеннен кейін көршілес елдерден электр энергиясының импорты өскенін жеткізді. Өйткені ең жоғары сағаттарда тапшылықты жабу үшін көрші елдерден электр энергиясының жоспарлы ағындары ұйымдастырылған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде уақыт белдеуі ауысқалы Ресейден энергия сатып алу бірден өскені туралы ақпарат тараған.