×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Адамдарды несие тарихын түзеп береміз деп алдаған ірі интернет алаяқтар ұсталды

13.11.2024, 09:50
Адамдарды несие тарихын түзеп береміз деп алдаған ірі интернет алаяқтар ұсталды
Ulysmedia/ЖИ

Жәбіленушілерден 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

“IT-TERGEU” жобасы аясында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында орналасқан қылмыстық топты ұстаған.

Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленген.

КЕЛТІРГЕН ШЫҒЫН

Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына “несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз” деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп айыпталып отыр.

Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.