×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Солтүстік Корея сарбаздары Курскте Украинаға қарсы соғысты бастап кетті – АҚШ

13.11.2024, 16:32
Солтүстік Корея сарбаздары Курскте Украинаға қарсы соғысты бастап кетті – АҚШ
picture-alliance/Newscom

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Ведант Пателдың айтуынша, Солтүстік Кореядан Ресейдің қарулы күштеріне көмектесу үшін жіберілген сарбаздардың басым бөлігі Курск облысында  Ресей әскерімен бірге соғыс операцияларына қатысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Dw.com басылымның дерегінше, Пател 10 мыңнан астам солтүстіккореялық сарбаз шығыс Ресейге жіберілгенін мәлімдеген. Украина президентті Владимир Зеленский де бұған дейін солтүстіккореялық әскер украиналық күштерге қарсы соғысып жатқанын, олардың арасында адам шығына бар екенін айтқан болатын.

ПУТИННІҢ ЖОСПАРЫ

Британдық The Telegraph газетінің дерегінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына дейін Курск облысын толық бақылауға алуды көздеп отыр. Бұл қадам Мәскеуге кез келген бейбіт келіссөздерде өз позициясын күшейтуге мүмкіндік береді деп болжайды батыс дипломаттары.

РЕСЕЙ-СОЛТҮСТІК КОРЕЯ СЕРІКТЕСТІГІ

11 қарашада Солтүстік Корея Ресеймен кешенді стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады. Келісім екі елдің біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда, бір-біріне барлық мүмкін құралдармен әскери және басқа да көмек көрсетуді қарастырады.

КУРСК ҮШІН ШАЙҚАС

Бұған дейін New York Times Ресей әскері Курск облысын Солтүстік Кореядан келген әскермен бірігіп толық бақылауға алу үшін шамамен 50 мың әскер жинап, алдағы күндері қарымта шабуылды бастайтынын жазған болатын.

Солтүстіккореялық сарбаздар Ресейдің әскери киімін киіп, Мәскеу берген қарумен қаруланған, бірақ жеке бөлімшелер түрінде шайқасады деп күтілуде.

ОЛАРҒА НЕ ҮЙРЕТКЕН

Ресей оқу-жаттығу кезінде Солтүстік Корея сарбаздарын артиллериядан атуға, жаяу әскер тактикасының негіздеріне, сондай-ақ траншеяларды тазарту әдістеріне үйреткен. Бұл дайындық солтүстіккореялық күштер Украина қорғанысының бекіністеріне тікелей шабуылдарға қатысатынын болжайды. Мамандардың пікірінше, КХДР әскерлері броньды техниканың артықшылығынсыз, жеңіл жаяу әскер түрінде қатысатындықтан, олар арасында адами шығын болуы мүмкін.