×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қарымта соққы берем»: «Жаңбыр адам» Алматыны түтіннен құтқаруға кірісті

14.11.2024, 08:10
«Қарымта соққы берем»: «Жаңбыр адам» Алматыны түтіннен құтқаруға кірісті
Ulysmedia коллажы

«Жаңбыр адам» атанып, Аралға жаңбыр жауғыздым деген Алтай Айнабеков енді Алматыны түтіннен құтқаруға уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

RAINMAN НЕ ДЕЙДІ

– Қазақтар жаһандық жобаны жасай алмайды деген ойламдағы адамдар бар. Аралды (жаңбыр жауғанын) сәйкестік – кездейсоқтық деді ғой. Соларға енді контрсоққы береміз. Ол – Алматы қаласының жобасы. Алматы қаласының ауасын тазалау жобасы! Оны да істеу мүмкін емес деп айтады адамдар. Бірақ соны осы айдың 20 күні бастаймыз. Бүкіл жылу беру кезеңінде Алматының төбесін қап-қара түнек тұрмайтындай етіп, тап-таза етіп ұстап отырамыз, – дейді Алтай Айнабеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның алдында осы жобасымен Алтай Айнабеков Алматы әкімдігіне кіріп шыққан. Қазгидромет өкілдерімен де кездескен. Алайда ол жақтардан қолдау болмағанын айтады. Айнабековтың сөзінше, егер Алматы қаласында бір микрограмға ластану түсетін болса, адамдар денсаулық жағдайы мен жұмыс өнімділігіне 52 млн доллар үнемдей алады. 2011 жылы қазақстандық ғалымдардың зерттеуі бойынша, Алматы ауасының сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығы мен өміріне 500 млн доллардай шығын келген екен. Қазір 2024-2025 жылдары адам саны тіптен көп. Сәйкесінше ластаушы деңгейі де артқан деп есептейді ол.

АРАЛҒА ЖАҢБЫР

Алтай Айнабековтың есімі осы жылдан бастап шыға бастады. Өзін ғалым деп таныстырады. Ол Аралға жаңбыр жауғызам деп, технологиясын паш етіп, Аралға биыл әдеттегіден тыс жаңбырдың жаууын өз еңбегіне теңеген. Алайда Экология министрлігі мен Қазгидромет оның бұл еңбегін табиғаттың қалыпты құбылысы деп атады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, жасанды жаңбыр жауғызудың экологиялық проблемалары да бар.