×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Таксистерді қандай талап күтіп тұрғаны белгілі болды

14.11.2024, 16:23
Таксистерді қандай талап күтіп тұрғаны белгілі болды
Коллаж Ulysmedia.kz

Келесі жылдан бастап жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беріледі. Осы және өзге де өзгерістер жайлы ОКҚ өткен брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Көлік министрлігімен бірлесіп, автотасымал түрін жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын ұсынатын компаниялармен меморандумдар жасалған.

ӨЗГЕРІСТЕР

«Меморандум аясында жүргізушілерге, еңбек және демалыс режимін сақтауына, медициналық тексеруден өтуіне, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Интернет-агрегаторлар осы кезде қосымшаларының жұмысын пысықтап жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-агрегатордың иелері жеке тасымалдаушы ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беретін болады», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеруден өтуге; автокөлікті күнделікті техникалық байқаудан өткізуге; сол жақтан басқаратын техникалық жарамды автокөліктерді пайдалануға; жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауға міндетті болады.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда интернет-агрегаторлардың иелері жеке тасымалдаушыға тапсырыс бермеуге міндетті болады.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту қалай жүзеге асатынын нақтыламады.