×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді

14.11.2024, 19:45
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді
ашық дереккөзден

Антикордың хабарлауынша, олар ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл жөнінде бүгінгі брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты. Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өзінің карточкалық шоттарына асыра жалақыны және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. 2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілген.