×
487.76
562.39
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.76
562.39
6.75

Жекеменшік мектептер оқушылар санын қолдан көбейтіп, бюджет қаржысын жымқырған

Бүгін, 17:57
Жекеменшік мектептер оқушылар санын қолдан көбейтіп, бюджет қаржысын жымқырған
фото: ЖИ/Ulysmedia.kz

Қазақстандағы кейбір жекеменшік мектептер оқушылар санын жасанды түрде арттырып, сол арқылы мемлекеттен артық қаржы алған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебінің қорытындысында айтылған,  деп хабарлайды Ulysmedia.

Не анықталды?

Аудиторлардың мәліметінше, жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесі жеткілікті деңгейде бақылауға алынбаған. Соның салдарынан деректерді бұрмалауға және бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға мүмкіндік туған.

“Тексеру барысында 1333 оқушының бір мектептен екіншісіне 5-тен 12 ретке дейін ауыстырылғаны анықталған. Осылайша кейбір білім беру ұйымдары қағаз жүзінде оқушылар санын көбейтіп, мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттырған.Кей жағдайларда мектептер көрсеткен оқушылар саны ғимараттың нақты сыйымдылығынан үш есе көп болған”, – делінген хабарламада.

Басқа қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Аудиторлар сондай-ақ кейбір мектептердің салық декларацияларында табысты төмендетіп көрсеткенін анықтады. Бұдан бөлек, күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесін алғанымен, іс жүзінде тек арзан косметикалық жөндеумен шектелген жағдайлар тіркелген.

Жекеменшік мектептер қанша қаржы алды?

2025 жылы мемлекет 559 жекеменшік мектепте оқитын 203 мыңнан астам баланың оқу ақысын төлеуге 149,2 млрд теңге бөлген. Бастапқы жоспар бойынша 555 мектеп қаржыландырылуы тиіс болған. Соңғы бес жылда жекеменшік білім беруге бөлінетін бюджет шығыстары 20 есе өскен. Ал осы кезеңде оқушылар саны небәрі алты есе ғана артқан.

Серіктес жаңалықтары