×
493.85
519.04
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
519.04
4.97

«Тұншықтырып, қылқындырған»: Жаркенттегі офицердің өліміне күдіктілер ұсталды

«Тұншықтырып, қылқындырған»: Жаркенттегі офицердің өліміне күдіктілер ұсталды
Фото: КТК

Құрлық әскері қолбасшысының орынбасары Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде көз жұмған капитан Дархан Дәулеттің өліміне қатысы бар 4 адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Оқиға дерегі бойынша қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери бөлімге комиссия жіберілді. Іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға әскери бөлімнің ішінде болған. 4 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл күні жеке жоспар бойынша жаттығулар болғанын растаймын. Бауырымызды ақтық сапарға шығарып салдық. Ата-анасы мен жақын туыстарына Қорғаныс министрі мен барлық құрлық әскерлерінің атынан көңіл айтамыз, –дейді құрлық әскері қолбасшысының орынбасары, полковник Арынғали Ақышев.

САРБАЗДЫҢ ҚАЗАСЫ

Жетісу облысындағы Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің біріндегі офицердің қазасы кеше хабарланған еді. Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған. “Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер алған жарақатынан қайтыс болды” ақпарат таратты баспасөз қызметі өкілдері.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ӘСКЕРДЕГІ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Біраз уақыт бұрын «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Одан кейін Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. 

Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметінде кейінгі жылдары қанша сарбаз, қанша әскери қызметкер көз жұмғанын Ulysmedia.kz бұған дейін анықтап көрген еді.