×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

ШҚО-да көпбалалы отбасыны тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған

ШҚО-да көпбалалы отбасыны тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған
Фото: 7-su.kz

ШҚО сотының мәліметінше, шағым түсірген ер адам өзінің көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрғанын, алайда еш себепсіз кезектен шығып қалғанын жеткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Талап-арыз Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің үстінен берілді.

Сот мән-жайды тексере келе, отбасын мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінен алып тастауға заңды негіз жоқ деген қорытындыға келді.Талапкердің көпбалалы отбасы екендігі іс материалдарымен расталды. Сот шешімімен отбасы қайта кезекке қойылды, - делінген хабарламада.