×
493.85
519.04
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
519.04
4.97

Түркияда жер сілкінісі болды

Түркияда жер сілкінісі болды
Фото: ашық дереккөз

Түркияның солтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Anadolu Ajansı жазуынша, дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 12.02-де Ризе провинциясында болған.

Эпицентрі – Хемшин ауданы. Жер сілкінісінің ошағы 12,85 шақырым тереңдікте жатқаны белгілі.

Сонымен қатар Түркияның Элязыг қаласында 5 балдық жер сілкінісі болды.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) веб-сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 5 балдық жер сілкінісі Элязыгте сағат 17.04 шамасында тіркелген.

Жер сілкінісі 16,22 шақырым тереңдікте болды және Диярбакырда да сезілді.

Элязыг қаласы басшылығының мәлімдемесіне сәйкес сағат 17.20-дағы жағдай бойынша AFAD жер сілкінісінен кейін 112 сенім телефонына ешқандай қирау туралы хабарлама келмегенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ цунами мен жер сілкінісінен қорғануға қамданып жатқанын жазған едік.