Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайраттың заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫМБАТ КӨЛІК, БРЕНДТІК БҰЙЫМДАР…
Қаржылық мониторинг агенттігі ресми ақпаратында 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинағаны жазылған. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайрат "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.
– 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”, делінген ҚМА ақпаратында.
“200 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН”
Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілікті. ҚМА тергеуі жалғасып жатыр.
ОҚИҒА ЖЕЛІСІ
Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.
Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.
Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.
Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.
Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Перизат Қайрат ұсталған соң әлеуметтік желіде пост жазып, қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігіне, барлық қазақстандықтарды қайырымдылық ұйымдарын мұқият зерттеуге және тек сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырды.
Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.