×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Тергеу соты Перизат Қайратты 2 айға қамады

16.11.2024, 11:01
Тергеу соты Перизат Қайратты 2 айға қамады
Ulysmedia коллажы

«Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 қарашада тергеу органдарына күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түскенін хабарлады.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Қайрат П.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайтыны хабарланды.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Перизат Қайрат ұсталған соң әлеуметтік желіде пост жазып, қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігіне, барлық қазақстандықтарды қайырымдылық ұйымдарын мұқият зерттеуге және тек сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырды.

Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.