Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бес күн бойы ағаш басында отырып, жерге өздігінен түсе алмаған мысық құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе қаласының Әзірбаев көшесінде мысық бесінші қабат деңгейіндегі ағаш басына көтеріліп, бес күн бойы сонда қалып қойған.
Тұрғындар үй жануарын өздері түсіруге қанша әрекеттенгенімен, нәтиже шықпаған. Сөйтіп, мысық иесі 112 нөміріне қоңырау шалған.
“Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жануарға көмекке келді. Баспалдақтың көмегімен тәжірибелі құтқарушылар оны төменге түсірді. Мысыққа тамақ пен су беріп, алғыс білдірген иесіне табыстады”, делінген ТЖМ ақпаратында.
ТЖМ баспасөз қызыметі “Біз үшін әрбір өмір маңызды!” деп түйіндеген ресми ақпаратты.