×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

Талғарға әкімнің орынбасары болып кім келгені белгілі болды

Бүгін, 14:04
Талғарға әкімнің орынбасары болып кім келгені белгілі болды
Коллаж Ulysmedia.kz

Талғар ақласының әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Байбатыров тағайындалды.

ӨМІРДЕРЕК

Бауыржан Байбатыров 1987 жылЫ 29 қазанда дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан астам.

• 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілген.
• 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болған.
• 2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

ӘКІМ САЙЛАУЫ

 2024 жылғы 15 желтоқсанда соңғы уақытта түрлі қылмыстық оқиғалар, бандылардың әрекеттері арқылы аты шыққан Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді.

ХАСАННЫҢ ҰСТАЛУЫ МЕН ШЕРЗАТ ІСІ

2 қараша күні Талғардағы “Хутор” бандысының басшысы делініп жүрген Хасан Қасымбаев ұсталды. Ол 2021 жылғы маусымда болған оқиға аясында қамалған. Қасымбаев спортшы Арман Әлімовтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оны ұрлаған адамдардың әрекетіне қатысы бар-жоғына байланысты тергеліп жатыр. Жәбірленушінің анасы ұлын ұрлап, ұрып соғуға дәл осы Қасымбаев тапсырыс бергенін айтады.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың қазасынан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.

ИЗОЛЯТОРДАН ҚАШУ

21 қазан күні Талғарда изолятордан орлау бабы бойынша күдікке ілінген азамат қашып кетіп, араға бірнеше күн салып бір-ақ ұсталған.