Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) "Хезболла" террористік тобының бас насихатшысы әрі өкілі Мұхаммед Афифтің жойылғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЦАХАЛ мәліметінше, Афиф "Хезболла" ұйымының жоғары деңгейлі әскери қызметкері болған және террористік іс-әрекеттерді ұйымдастыруға тікелей қатысқан.
Ол Ливан медиасы арқылы Израильге қарсы үгіт-насихат жүргізіп, психологиялық қысым көрсету операцияларын жүзеге асырған.
ХЕЗБОЛЛАҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ
Израиль армиясы қыркүйек айында "Хезболланың" әскери инфрақұрылымына қарсы "Солтүстік жебелер" деп аталатын алдын алу операциясын бастаған. Қазан мен қараша айларында Ливанның оңтүстігіндегі ракеталық өндіріс орындары мен қоймалар жойылды. ЦАХАЛ бұл операцияларды шииттік қозғалыстың соңғы 20 жылда құрған әскери инфрақұрылымын жою мақсатында жалғастыруда
Израиль армиясы "Хезболлаға" қарсы соққыларын жалғастыруда. 2024 жылғы қараша айының басынан бері "Хезболланың" жүздеген әскери нысандары жойылып, шииттік топқа үлкен шығын келтірілді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл операциялардың жалғасатынын айтты
Бұған дейін Ливандық "Хезболла" тобы қаза тапқан Насралланың мұрагері тағайындалғанын жариялаған.
Isna.ir басылымының жазуынша, ливандық "Хезболла" тобы шейх Наим Касем қозғалыстың жаңа бас хатшысы және Сайед Хасан Насралланың мұрагері етіп тағайындалған.