×
495.95
524.37
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.95
524.37
4.98

Қытай инвесторлары Атырау облысындағы мұнай компаниясын сатып алды

Бүгін, 23:30
Қытай инвесторлары Атырау облысындағы мұнай компаниясын сатып алды
Ашық дереккөзден

Maten Petroleum мұнай-газ компаниясы (қытайлық акционерге тиесілі) Атырауда тіркелген басқа Priority Oil & Gas мұнай-газ компаниясының 99,9% үлесін сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. KASE сайтына сілтеме жасап.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

2023 жылдың жазында Priority Oil&Gas электронды аукцион арқылы Пустынное және Балықшы кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығын алған. Бірінші учаске үшін компания 1,3 миллиард теңге, екіншісі үшін 574 миллион теңге қол қою бонусын төледі.

Ecoportal.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, компания Пустынное кен орнында геологиялық барлау жұмыстарын 2024 жылдың қарашасында бастауды жоспарлаған, ал тамыз айында бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен.

Балықшы кен орнына байланысты Priority Oil & Gas компаниясы Caspian Oil (Тимур Құлыбаевқа тиесілі) компаниясына учаскені бірлесіп игеру туралы ұсыныспен шыққан.

ҚАШАН ҚҰРЫЛДЫ

Бұл ретте Priority Oil&Gas 2023 жылдың 4 сәуірінде – аукцион жарияланғанға дейін үш апта бұрын құрылған. eGov.kz сайты компанияның негізін қалаушы туралы ақпаратты ашпайды, бірақ ашық ақпарат көздерінде Рамиль Кимуров туралы айтылған.

КІМГЕ ТИЕСІЛІ

Maten Petroleum қытайлық Хайнань Чжэнхе өнеркәсіптік тобының еншілес ұйымы болып саналатын Нидерландыда тіркелген Sino-Science Netherlands Energy Group компаниясына тиесілі. Maten Petroleum бас директоры Тянь Кецзян, ал соңғы бақылаушы тарап Хуэй Линг.