×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Алматыда жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады

Алматыда жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады
Фото: open-kz.kz

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Кәмелетке толмаған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында қыз бала Nest Grand тұрғын үй кешенінің аумағына шамамен 17 қараша күні Шаляпин көшесі жағындағы кіреберіс арқылы кіргені айтылады. Одан кейін өзгелердің күдігін тудырмай, 6-шы блокқа өткен.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Келесі күні таңертең, 18 қарашада кәмелетке толмаған қыз бала ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Жасөспірім бұл тұрғын үй кешенінде тұрмайтынын атап өтті.

Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда, - делінген ПД хабарламасында.