×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

Түркі мемлекеттерінің ортақ әнұраны жазылады

Бүгін, 08:46
Түркі мемлекеттерінің ортақ әнұраны жазылады
idelreal.org

Түркі әлемі елдері өнер терминдерінің бірыңғай сөздігі мен әнұранын жазу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай бастамалар барын Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры, Түркі мемлекеттері өнер университеттері одағының төрағасы профессор Эрхан Өзден жариялаған.

Профессордың айтуынша, сөздік өнердің барлық бағыттарын қамтып, әртүрлі түркі тілдеріндегі мағыналарын ескере отырып, терминдер ұсынылатын энциклопедияның бір түрі болады.

– Жобаның мақсаты – барлық түркі елдері үшін түсінікті әрі қолжетімді терминдердің бірыңғай базасын құру. Бұл біздің өңір халықтарының тілі мен мәдениетінің бірлігін нығайтуға көмектеседі, - деп атап өтті Ерхан Өзден.

Екінші маңызды жоба түркі мемлекеттерінің ортақ әнұранын әзірлеу болмақ. Өзден әнұранның мәтіні мен әуені түркі халықтарын біріктіретін тарихты, дәстүрлер мен құндылықтарды бейнелейтінін атап өтеді.

– Әнұран барлық түркі елдерінің өкілдеріне түсінікті тілде жазылады. Біз оның бірлігіміз бен ортақ болашағымыздың символына айналуына ұмтыламыз, — деді профессор.

Әнұранмен жұмыс жедел қарқынмен жүргізілуде. Музыканттардан, ақындардан және мәдениеттанушылардан тұратын сараптамалық комиссия тұжырымдама мен алғашқы нұсқаларды талқылай бастаған.