×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Жапонияда тағы 8 адамнан омикрон штамы анықталды

10.12.2021, 23:23
Фото: ашық дереккөз

Коронавирустың таралуына қарсы күрес жоғары деңгейде жүргізіліп жатқан Жапонияда омикрон штамын жұқтырудың 8 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, елде бұл штамға шалдығудың жалпы саны 12-ге жетті. Министрлер кабинеті Бас хатшысының орынбасары Сэйджи Кихара расталған сегіз жағдайдың екеуі Намибиядан келген дипломаттың таныстары арасында анықталғанын айтты.

Еске сала кетсек, қарашаның соңында Жапония елге кіру шараларын күшейтті, студенттер, бизнес және тағылымдамадан өтушілер үшін бұрын енгізілген жеңілдіктерді алып тастады және оларға жаңа визалар беруге тыйым салынды. Бұған дейін берілген визалар да тоқтатылды. Африканың 10 елінен кіруге де шектеу қойылды. Елге тек жапон азаматтары ғана орала алады, ал шетелдіктер, тіпті тұруға ықтиярхаты бар адамдар да ерекше жағдайларда елге орала алатын болды.

Серіктес жаңалықтары