×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Путин Трамппен атысты тоқтату туралы келіссөздерге дайын – БАҚ

Путин Трамппен атысты тоқтату туралы келіссөздерге дайын – БАҚ
Фото: Getty Images

Владимир Путин Дональд Трамппен Украинадағы атысты тоқтатуды талқылауға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАТО-ҒА КІРУДЕН БАС ТАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Reuters басылымының жазуынша, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Владимир Путинмен жеке келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеп, Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қол жеткізуге ниетті. Кремль майдан шебіндегі қақтығысты тоқтатуға дайын, бірақ төрт аймақты – Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын бақылауды, сондай-ақ Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуын мойындауды талап етеді.

Ресей Украинаның солтүстігі мен оңтүстігіндегі Харьков және Николаев облыстарындағы аз аумақтардан бас тартуы мүмкін екенін айтады екі шенеунік. Ресей президенті бұл келісім уақытша ғана болады деп күдіктенеді. Путин Батыс, осылайша, Украинаны қару жарақпен қамтамасыз ету үшін уақыт созуы мүмкін деп санайды.

КРЕМЛЬ ҚЫРЫМ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАЙ МА

Ресми дереккөздердің хабарлауынша, Ресей де Украинадан қауіпсіздік кепілдігін талап ете алады, қарулы күштерінің санын шектеп, орыс тілін кемсітушілікті тоқтата алады. Бұл талаптар 2022 жылғы Ыстамбұл бейбітшілік келісімінің бөлігі ретінде келісілген ережелерді көрсетеді. Сонымен қатар басылым Кремльдің Қырым мәртебесін талқылауды жоққа шығаратынын және Украинаға ұзақ қашықтықтағы зымырандарды жеткізу бейбіт келіссөздер үдерісін қиындатады деп санайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ Киевтегі АҚШ елшілігі Украина астанасына ауқымды әуе шабуылының болуы мүмкін екенін ескертті. Әуе соққысы бүгін, 20 қарашада жасалуы ықтимал деп жарияланды.

СОҒЫС

Ресей әскері 2024 жылдың 24 ақпанында Украина аумағына басып кірген болатын. Соғыс әлі жалғасып жатыр.

БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халықаралық гуманитарлық ұйымдарының хабарлауынша, Ресей әскерлері Украинаның тұрғын аудандарына, ауруханаларына және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына зымырандармен соққылар жасаған. Соғыс ірі көші-қон дағдарысын туғызды. БҰҰ мәліметтері бойынша, Украинадан 7,86 миллион босқын ретінде кеткен (2022 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша), ал тағы 8 миллионға жуық адам ішкі қоныс аударған. Бірқатар журналистер шапқыншылықты Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропадағы ең үлкен әскери қақтығыс деп атайды. Ресейдің әрекеттерін әлемнің көптеген мемлекеттері мен ықпалды халықаралық ұйымдары қатты айыптады.

АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША

Соғыс Ресейде және әлемде соғысқа қарсы наразылықтарға, ресейлік БАҚ-та цензураға АҚШ, Еуропалық одақ және басқа елдердің Ресейге қарсы жаңа санкцияларына, соның ішінде елді әлемдік экономикадан ішінара оқшаулауға, Ресейдің бірқатар спорттық және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысуын шектеуге әкелді, сондай-ақ Ресей үшін ауыр экономикалық салдары болды. Украинада соғыс экономиканың құлдырауына, әуе және теңіз көлігінің жұмысын тоқтатуға және басқа да бірқатар жағымсыз салдарға апарып соқты. Украинаның қоршаған ортасына және Украинаның мәдени мұрасына үлкен зиян келтірілді. Әлемдік ауқымда шапқыншылық және онымен байланысты Санкциялар халықаралық сауданың төмендеуіне және азық-түлік пен энергия бағасының күрт өсуіне соқтырды. Екі жақтан да адам шығыны көп.