×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

2025 жылы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қанша триллион жұмсалады

21.11.2024, 10:36
2025 жылы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға қанша триллион жұмсалады
Ulysmedia коллажы

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде 2025 жылға арналған түсімдер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығысы өткен жылмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғаятынын айтады. Министр жалпы шығын 25,8 трлн теңгені құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ  

Тәкиевтің айтуынша, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, жылу, электр энергетикасы, көлік инфрақұрылымы, инфрақұрылым жүйесін дамыту, өңірлерді дамыту, сондай-ақ "Ауыл – ел бесігі жобасын" іске асыруға қосымша шығындар қарастырылған.

Министрдің айтуныша, бюджет әлі де әлеуметтік бағытқа көбірек бағдарланған.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА  

Мәселен, 2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 871 млрд теңгеге көп, 2025 жылы шығыстардың жалпы көлеміндегі үлесі 38% құрайды.

– Әлеуметтік төлемдерді индекстеуді және төлем алушылар контингентін ұлғаюын ескере отырып, азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қамтып, көмек көрсетуге 6 трлн теңге сомасында шығыстар көзделген, – деп түсіндірді Тәкиев.

БІЛІМ  

2025 жылы білім беруді дамыту шығындары 1 трлн теңгеден асады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  

2025-2027 жылдары денсаулық сақтау жүйелеріне арналған шығыстар 7,6 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 2025 жылы – 2,5 трлн теңге, 2024 жылға қатысты өсім 188 млрд теңгені құрайды.

Жалпы, ТМККК шығыстарының көлемі 2025 жылы 1,6 трлн теңге сомасында жоспарланған.

МӘМС-ке 675 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде мемлекет жарналарын төлеуге 668 млрд теңге.

ТУРИЗМ  

2025 жылы туризм мен спортты дамытуға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 141 млрд теңге көлемінде жоспарланған.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ  

Мемлекет мәдениет пен ақпаратқа 165 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Келесі жылы өңірлерді қолдауға республикалық бюджет есебінен 7,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл сома 2024 жылмен салыстырғанда 452 млрд теңгеге ұлғаяды.