×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Әскери нысандарды ғана соққылаймыз деген Ресей Днепрде мүгедектерді оңалту орталығын қиратты

21.11.2024, 13:49
Әскери нысандарды ғана соққылаймыз деген Ресей Днепрде мүгедектерді оңалту орталығын қиратты
telegraf.com.ua

Украина Қарулы Күштері бүгін таңертең Днепр қаласына әртүрлі типтегі ракеталармен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Шабуылда құрлықаралық баллистикалық зымыран, «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны және Х-101 жеті қанатты зымыраны қолданылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС әуе қорғанысы жүйелерінің жұмысы нәтижесінде Х-101 зымырандарының алтауы атып түсірілгенін жазды.

«Басқа зымырандарға қатысты айтарлықтай салдар жоқ», – делінген Украина Әуе күштерінің күнделікті есебінде.

Бұған дейін Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы ресейлік ауқымды зымырандық соққы салдарынан Днепрде бір өнеркәсіптік кәсіпорын қирағанын, екі жерде өрт шыққанын хабарлаған еді.

Днепр қаласының мэрі Борис Филатов атқылау салдарынан мүгедектерді оңалту орталығы ғимараты зардап шеккенін жеткізді. Онда қазандық жойылып, терезелер сынған. Адамдарға қатысты ақпарат нақтыланып жатқанын атап өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Днепрге жасалған зымырандық шабуыл туралы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ. Алайда Украинаға жасалған соққылар аса дәлдікпен әскери қһнысандарға бағытталғанын айтып келеді.

Бұған дейін Киевтегі АҚШ елшілігі Украина астанасына ауқымды әуе шабуылының болуы мүмкін екенін ескерткен.

Қазақстанның Киевтегі елшілігі де Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынған.