×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан мен Ресей мұнай жеткізуге қатысты келісімді ұзартпақ

Қазақстан мен Ресей мұнай жеткізуге қатысты келісімді ұзартпақ
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Ресей мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Ақпаратқа сәйкес, қазір Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында жасалған 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын 2024 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту (қайта бастау) рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім аясында бажсыз жеткізу жағдайында ресейлік мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігі бар, – делінген Энергетика министрлігі хабарламасында.

ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Осыған байланысты келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттамаға қол қоюға Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалды.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 5 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетейік, Еуроодақ елдері 2025 жылы қаңтарда Венгрияның Еуропа Одағы кеңесіне төрағалығы аяқталғаннан кейін Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылауды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз. 

Еуроодақ бұған дейін Ресей мұнайын тасымалдауға шектеу енгізіп, газ сатып алуды едәуір азайтқан.