×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Уақыт өзі реттейді»: Мақпал Исабекова Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін айтты

«Уақыт өзі реттейді»: Мақпал Исабекова Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін айтты
Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Мақпал Исабекова әріптесі әрі жақын құрбысы болған Дильназ Ахмадиевамен араласпай кеткенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ЕШҚАШАН ҰРЫСҚАН ЖОҚПЫЗ»

Әнші Instagram-дағы парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берген.

– Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке қарай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады, – деді ол.

«УАҚЫТША МА, МӘҢГІГЕ МЕ?..»

Сондай-ақ Мақпал жолдарының екіге айырылуы уақытша ма, мәңгіге ме, білмейтінін айтты.

 – Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді", – деп жазды Исабекова.

Бұған дейін әнші Instagram-парақшасында күйеуі қайда жүргенінен бейхабар екенін айтқан еді.