Бұрынғы білім және ғылым министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерде оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салу дұрыс әрі тиімді шешім деп санайтынын, телефонды балалар тек төтенше жағдайда ғана қолдануы қажет екенін мәлімдеген. Осы орайда білім беру саласында смартфон қолдануға тыйым салып немесе шектеу қойған дамыған елдердің тәжірибесіне аз-кем үңіліп көрдік, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ФРАНЦИЯ
2018 жылы Франция мектептерде смартфон қолдануға толық тыйым салды. Бұл тыйым бастауыш және орта мектептерде (16 жасқа дейінгі оқушылар) енгізілді. Смартфонды тек ерекше жағдайларда немесе мұғалімнің арнайы рұқсатымен ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Себептері
Аустралияның бірнеше штатында, оның ішінде Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльсте, мектептерде смартфон қолдануға шектеу қойылған. Оқушылар сабақ уақытында смартфондарын арнайы шкафтарға қалдыруға міндетті.
Себептері
Ұлыбританияда мектептердің көпшілігі смартфон қолдануға шектеу қойып келеді. Экс-премьер Риши Сунак мектептерде смартфондарға толық тыйым салуды ұсынған.
Себептері
Жапония мектептерінде смартфон қолдануға қатысты қатаң ережелер бар. Бастауыш және орта мектептерде смартфон қолдану тек ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің келісімімен рұқсат етіледі.
Себептері