×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Екі өңірде тағы бірнеше ауыл таратылады

Екі өңірде тағы бірнеше ауыл таратылады
Фото: pixabay

Қазақстанның бірнеше өңірдегі ауылдарды жою туралы шешім таныстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа қарағанда, Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Үйіл ауданына қарасты Үйіл ауылдық округінде орналасқан Екпетал ауылы таратылады.

Жалпы көлемі 3536 гектарды құрайтын таратылатын ауылдың аумағы Үйіл ауылының құрамына енгізіледі. Осыған байланысты Үйіл ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 34 650 гектарға жетті.

Құжат 6 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Созақ өңіріндегі бірнеше елді мекенді жою туралы шешім қабылданды:

- Құмкент ауылдық округіндегі Қызылқанат ауылы;

- Созақ ауылдық округіндегі Шақырық ауылы;

- Шолаққорған ауылдық округіндегі Теріскей ауылы;

- Шолаққорған ауылдық округіндегі Жеткіншек ауылы.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 45 ауыл таратылатынын жазған едік.