Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің біріне мина қойылғаны туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПОЛИЦИЯ КҮДІКТІНІ ІЗДЕП ЖАТЫР
Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті билік органдарының оқу орнының ғимаратына шұғыл барғаны туралы видео пайда болды.
Бұған қатысты облыстық Полиция департаменті түсінік берді.
Талғар ауданындағы мектептердің бірінде қойылған жарылғыш құрылғы туралы хабарлау бойынша арнайы қызмет пен бөлімшелер барлық қажетті іс-шараларды өткізді. Алайда факт расталмады, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.
Қазірде күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА
4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады.